Қазақстан президентінің дербес парақшасына "Тәуелсіздік дәуірі" кітабы қойылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Тарихи публицистика жанрында жазылған Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Тәуелсіздік дәуірі" кітабы еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын көрсетеді.
Кітапта еліміздің мемлекеттік тұғыры қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері, 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы саясатта қабылданған шешімдердің мән-мазмұны егжей-тегжейлі баяндалады.
"Бұл кітап менің ұлы қолдаушым, кемел келешегіне өзінің қазақстандық жолымен қарыштаған жасампаз халқыма арналады!", – деп жазды президент кітаптың эпиграфына.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу