"Тәуелсіздік полюсы" Оңтүстік полюстан оралды

1025

"Тәуелсіздік полюсы" Оңтүстік полюстан оралды

"Тәуелсіздік полюсы" шаңғы экспедициясының қатысушылары - Мағжан Сағымбаев, Ілияс Ғалымбеков, Юрий Юшин және Дәулет Шәріповты Алматы әуежайында салтанатты түрде күтіп алды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Еске сала кетсек, Оңтүстік полюсті бағындырушылар шаңғымен 217 шақырымды жүріп өтті. Мағжан Сағымбаев пен Ілияс Ғалымбеков Тәуелсіздік күні мемлекеттік туымызды Антарктиданың ең биік нүктесі – Винсон шыңына (4892 м) тікті. Тіпті мерекені саяхатшылар мәңгі мұз басқан өлкеде қарсы ала отырып, қазақстандықтарды жер шарының Оңтүстік полюсінен Жаңа 2017 жылмен құттықтады.

Жоспарланғандай, олар жердің барлық меридиандары тоғысқан оңтүстік ендіктің 90 градус нүктесіне 10 күнде-ақ жетті. Күнделікті поляршылар 20 шақырымнан жедел ілгерілеп, команданың мүшелері барлығын санағанда антарктика даласының 217 шақырымын жүріп өтті.Қазақ туы Солтүстік полюстің аспанында желбіреді. Ал, Қазақстанның алғашқы шаңғы экспедициясы Солтүстік полюсті бағындырып, Жердің ең солтүстік нүктесіне Қазақстанның Мемлекеттік Туын және Қазақстан халқы Ассамблеясының жалауын қадады.   Айта кетейiк, шаңғы экспедициясы Барнео - Солтүстiк Полюс аралығын қамтыды. Топ 31 наурызда Алматыдан Мәскеуге, Мәскеуден – Норвегияның Осло қаласына, одан әрi Лонгийрге аттанған болатын. Ал 4 сәуiрде Лонгийрден Барнео мұзды аэродромына ұшып барып, сол жерден Солтүстiк полюске дейiнгi шаңғы экспедициясын бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу