Келер жылы заманауи энергноресурстар саласындағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі саналатын "Теңізшевройл" ЖШС- нің құрылғанына ширек ғасыр толады.
1993 жылдың 6 сәуірінде Қазақстан республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен "Шеврон" корпорациясының басқарма төрағасы Кеннет Дерр "Теңізшевройл" бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісімге қол қойды. Осынау тарихи оқиғадан кейінгі жиырма бес жылда компания Қазақстандағы ең ірі мұнай-газ өндіруші кәсіпорынға айналды және де өндірісті ұдайы дамыту нәтижесінде энергоресурстардың әлемдік нарығында көшбасшы атанды.
Жиырма бес жыл-ел ырысына айналған Теңіздің тарихы. Осыған орай, "Теңізшевройл" ЖШС-нің демеушілігімен "Атырау-Ақпарат" ЖШС мен Қазақстан журналистер одағы Атырау облысының бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистерінің "Теңіз - Ел ырысы" тақырыбындағы таңдаулы туындыларына байқау жариялайды.
Байқау туралы толық деректі компанияның tengizchevroil.com ресми сайтынан білуге болады