Жамбыл облысында жалпы саны 105 су айдыны бар. Бүгінде соның 98-іне шабақ жіберу жұмыстары қызу жүргізілуде, деп хабарлайды abctv.kz.
Бұл шара өзенде өсірілетін балық түрлері мен санының тепе-теңдігін сақтау мақсатында жасалады.
Әсіресе, өңірдің өзен-көлдерін мекен етіп, соңғы жылдары жойылып кетуге шақ қалған көксерке, табан, тұқы және сазан балықтарының санын көбейтуге көп мән берілуде. Осы орайда "Теріс-Ащыбұлақ" су қоймасына 10 мыңға жуық шабақ жіберілді. Бұл істі қолға алып отырған "Боранды" шаруа қожалығы өткен жылы да осынша шабақ жіберген болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу