"Тіл керуені" жобасы аясында киіз үйде қазақ тілін үйретеді

1480

"Тіл керуені" жобасы аясында киіз үйде қазақ тілін үйретеді

Павлодар қаласындағы мәдениет және демалыс саябағында құрылған киіз үйде тұрғындарға мемлекеттік тіл үйрететін "Тіл керуені" жобасы басталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz

- "Тіл керуені" жобасының мақсаты – қазақ тілін үйрету ғана емес, сонымен қатар, ұлттық салт-дәстүрмен таныстыру және музей, театр сынды тарихи орындарда түрлі мәдени шаралар ұйымдастыру... Қазақтың дастарқанында ежелден бері орын алып келген бауырсақ, құрт, қоспа секілді ұлттық тағамдар да насихатталады. Тыңдаушылардың барлығы мемлекеттік тілде еркін сөйлеп кетпесе де, оң әсер алады деген ойдамыз, – дейді жоба туралы облыстық "Ана тілі" орталығының директоры Шолпан Кенжекова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу