"Титаниктегі" шкафтың тот басқан кілті аукционда 85 мың фунт стерлингке (104 мың доллар) сатылды. Кілт "Титаник" апатында қайтыс болған, 23 жастағы кеме қызметкері Сидни Седунариге тиесілі болған. Оның мәйіті табылғаннан кейін қалтасында жүрген, "Locker 14 F Deck" деген таңбасы бар кілтті арнайы қызмет өкілдері оның жесіріне табыстаған болатын. Бұл туралы reactor.inform.kz жазып отыр.
"Титаник" – британдық трансатланттық кеме. Заманында әлемдегі ең үлкен кеме атын иеленген. 1912 жылы 15-сәуірде, түнде Атлат мұхитында алып мұзтауға соғылып, батып кеткен. Кеме бортында болған 2,2 мың адамнан тек 712 адам аман қалған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу