"Тобол" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ пен "Соколовка" АҚ Қостанай облысындағы Алешинское кен орнында темір кенін өндіру жобасын іске асыру үшін бірлескен жоба құратын болады, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне "Тобол" ӘКК.
Қазіргі таңда кен орнында өндіріспен айналысуға келісімшарт жасалды.
Жобаның құны 553,3 млрд теңге. Өндірудің жоспарланған мерзімі – 25 жыл.
"Соколовка" АҚ пайдалы қазбалар кен орнын барлау және қазумен айналысады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу