"Тобыл" футбол клубы сатылды

750

"Тобыл" футбол клубы сатылды

29 желтоқсанда қостанайлық "Тобыл" футбол клубы бағаны төмендету бойынша жүргізілген электронды сауда арқылы сатылды, деп хабарлайды Қостанай облыстық қаржы басқармасына сілтеме жасаған "ҚазАқпарат" ХАА.

Жекешелендіру және жекешелендіруді бақылау бөлімінің басшысы Любовь Казоринаның айтуынша,  бастапқы құны 95 миллион 915 мың теңге болған "Тобыл" ФК мемлекеттік үлесі 23 миллион 978 мың теңгеге сатылды. Сатып алушы табылмағандықтан алғашқы саудалар сәтсіз аяқталды.

Жаңа сатып алушының аты-жөні әзірге хабарланбады. Оның Қазақстан резиденті екені ғана белгілі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу