Қостанайлық клуб "Пюник"-"Тобыл" арасындағы ойындағы тәртіп бұзушылықтарға байланысты УЕФА-ға шағым түсіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі "Пюник"-"Тобыл" арасындағы кездесу армениялықтардың пайдасына шешілген еді.
"Тобыл" футбол клубының аталған кездесудің төрешілер қосыны және армениялық тараптың матчты ұйымдастыруына қарсы шағымы бар. Сондай-ақ, біздің команда "Пюник" ФК техникалық аймағында болған қызметкерлерінің қостанайлықтарға қарсы бұзақылық қимылдарына наразы", - делінген "Тобыл" ФК ресми сайтында.
Ал бас бапкер Владимир Никитенко "Тобылдың" Еуропа Лигасындағы жорығы аяқталған соң келесі күні-ақ клуб басшылығынан босатуды өтінген еді.