"Тобылдың" Еуропа лигасындағы екінші қарсыласы анықталды

747

"Тобылдың" Еуропа лигасындағы екінші қарсыласы анықталды

"Тобыл" футбол клубының Еуропа лигасы іріктеу кезеңіндегі екінші қарсыласы анықталды, деп хабарлайды prosports.kz.

20 маусым күні Еуропа лигасының бірінші-екінші кезеңінің жеребесі тартылған еді. Сол кезде қостанайлықтардың іріктеу кезеңінің екінші айналымында "Пюник" (Армения) - "Вардар" (Македония) жұбының жеңімпазымен жолығатыны белгілі болған. 

Бүгін осы қос команданың қарымта кездесуі өтіп, армениялық ұжым сырт алаңда 0:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, қос ойынның қорытындысы бойынша "Пюник" командасы келесі кезеңге өтті (3:0). Ол енді қазақстандық командамен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу