"Тобылдың" тізгінін поляк бапкері ұстады

605

Марек Зуб қостанайлық клубпен жыл аяғына дейін келісімшарт жасасты. 

"Тобылдың" тізгінін поляк бапкері ұстады

Бүгін "Тобыл" футбол клубына жаңа бас бапкер келді. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметіне сілтемемен prosports.kz жазды.

Марек Зуб қостанайлық клубпен жыл аяғына дейін келісімшарт жасасты. Дегенмен, екі тарап бұл келісімді бұза алады. 

Марек Зуб поляк тілінен бөлек, орыс тілін жетік меңгерген. Осы уақытқа дейін ресейлік "Салют-Энергия", "Краснодар", "Спартак-Нальчик", "Салют" (Белгород), "Металлург" (Донецк), "Анжи" (Махачкала) және "Кубань" командаларын жаттықтырған.

Бүгін Марек Зуб футболшылармен танысты, түстен кейін жаттығу жұмыстарына қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу