"Тойота" автосалонынан 300 миллион теңгеге жуық ақша ұрлаған күдікті ұсталды

1280

Күдікті жаңа автокөліктерді сату желеуімен азаматтардан 150 млн теңгеден астам ақша алған.

"Тойота" автосалонынан 300 миллион теңгеге жуық ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Алматы қаласындағы "Тойота орталығы" автосалонының 300 млн теңгеге жуық қаражатын ұрлаған күдікті ұсталды. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Алматы қалалық криминалдық полиция қызметкерлері Түркістан облысына қарасты Сарыағаш қаласында "Алматы тойота орталығы" автосалонының бұрынғы қызметкерін аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін ұстады. Ұсталған күдікті жаңа автокөліктерді сату желеуімен азаматтардан 150 млн теңгеден астам ақша алған. Сонымен қатар ол клиенттердің жаңа көлік сатып алу үшін төлеген шамамен 140 млн теңге сомасындағы қаржыларын иеленіп кеткен", - деді Алмас Садубаев.

Сонымен қатар ресми өкілдің айтуынша, Ақтөбе облыстық ІІД криминалдық полиция қызметкерлері өңірдің жергілікті 2 тұрғынын ұстаған. Олар Қандыағаш қаласынан 160 шақырым жердегі кен орнында тұрған контейнерлерден құны 200 млн теңгеден асатын бұрғылау қондырғыларын ұрлаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу