"Томирис" фильмін түсіру келер айда басталады

1080

"Томирис" фильмін түсіру келер айда басталады

Бүгін "Қазақфильм" киностудиясының эксперттік кеңесі алдында "Томирис" фильмінің қорғалымы өтті. Картинаның бас продюсері Әлия Назарбаева фильмнің түсіру тобы түсірілім жұмыстарына дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды kazakhfilmstudios.kz.
"Бұл еліміздің кино тарихындағы ең ірі тарихи киножобалардың бірі. Барлығымыз да осы жобаға үлкен жауапкершілікпен бар күшімізді салып отырмыз. Фильм арқылы тарихымыз тереңнен тартатынын және ата-бабаларымыз қалыптастырған салт-дәстүрімізді, мәдениетіміз бен Ұлы дала рухын көрсетіп, дүйім көрерменнің көңілінен шығатын туынды түсіреміз деп үміттенем", - дейді Назарбаева.  

Картинаның режиссері Ақан Сатаев жиналғандарға түсірілген кейбір сахналарды көрсетіп, фильмдегі шайқас көріністерін түсіру қиын болатынын айтты. 
"Наурыз айының басында "Қазақфильм" павильондарында жұмыстарды жалғастырып, Томирис патшайымның дүниеге келгенін түсіреміз" , - дейді режиссер. 
Картинаның продюсері Анна Чакиртова республикалық көлемде өткен кастинг туралы айтты: "Дайындық кезең сегіз айға созылды. Осы уақыт аралығында біз түсірілім орындарын анықтап, өтпелі кезең түсірілімдерін жүргіздік. Сонымен қатар, Қазақстанның ірі 15 қалаларында республикалық деңгейде кастинг өткіздік. Жалпы кастингке 15000-нан астам адам қатысты. Басты рөлге фотосуреттер бойынша 1500 үміткер болды. Кейін бұл сан 200-ге дейін қысқартылды. Іріктеу нәтижесінде массагеттердің патшайымы рөліне Альмира Тұрсын есімді бойжеткен бекітілді. Айта кетсек, бұл оның кинодағы алғашқы рөлі".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу