Астанадағы Сәтпаев көшесінің бойында орналасқан "Торғай" қонақүйінен өрт шықты. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі хабарлайды.
Сағат 12:17 шамасында "Торғай" қонақүйінен өрт шықты. Өрт бірінші қабаттан үшінші қабатқа тартылған мұржадан шыққан. Отты сөндіруге жеке құрамның 10 адамы және үш арнайы техника жұмылдырылған. Түске қарай тілсіз жау толығымен ауыздықталды. Қаза тапқандар немесе зардап шеккендер жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу