"Транстелеком" IT-мамандарды даярламақ

1125

"Транстелеком" IT-мамандарды даярламақ

"Транстелеком" 140-тан астам ауыл мен 1200-ден аса мемлекеттік ұйымға интернет тартып беруге дайын, деп хабарлайды 24.kz.

Телекоммуникациялық компания "Елдімекендерді кең жолақты ғаламтор желісімен қамту" бағдарламасының аясында байқауға қатыспақ. Жеңімпаз атанса, ауылдардың цифрлық сауаттылығын арттыруға үлес қоспақ. TTC студенттерге грант бөліп, өз есебінен IT мамандарды оқытуды жоспарлауда.

"Бүгінде еліміздің ең үздік институттарының бірімен гранттар бөлу туралы келісім бар. Біз үздік студенттерді іріктеп, олардың оқу ақысын өз мойнымызға аламыз. Кейін оларды жұмыспен де қамту жоспарланып отыр. Осылайша Қазақстанда IT-мамандарды даярламақпыз", - дейді "Транстелеком" АҚ даму және құқық жөніндегі вице-президенті Елнар Адайбеков.

"Транстелеком" мен "Зерде" холдингі "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын жүзеге асыру үшін бір-біріне септесіп, жұмыс істейтін болады. Сол мақсатпен қос компания өкілдері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу