Алматы қаласының Медеу аудандық соты "Трбуна" газетінің бас редакторы Жанболат Мамайға қатысты санкция берді, деп хабарлады "Әділ сөз" халықаралық қоры.
Дүйсенбі күні таратылған ақпаратқа сәйкес, Мұхтар Әбілазовтың "БТА" банкі қаражатын жымқыруы туралы істі тексеру аясында Ж.Мамайды 11 ақпанда екі айға қамауға алу жөнінде санкция берілген.
Бұдан бұрын Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Жанболат Мамайға БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілазовпен сыбайласты деп күдік келтіріп отыр деп хабарланған болатын.
Тергеушілердің болжамы бойынша, Ж.Мамай БТА банкінен жымқырылған қаражаттың бір бөлігін "Трибуна" газеті арқылы заңды қаржы операциялар жүргізген болып шығарып отырған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу