"Туған жер" бағдарламасы аясында аллея ашты

992

"Туған жер" бағдарламасы аясында аллея ашты

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде профессорлар аллеясы ашылды, деп хабарлады "ҚазАқпарат".

"Профессорлар аллеясының" іргесін қалау - оқытушылар мен студенттердің бастамасы. Бас корпустағы академик ескерткішінің артына ЖОО-ның 35 профессоры тал отырғызды және әр қарағайдың түбіне профессордың аты-жөні жазылды. Шараға университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, "Жас Орда" студенттік ұйымдар қауымдастығының мүшелері, студенттер және магистранттар қатысты.  Бұл акция Мемлекет басшысы бастама көтерген "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыру аясында жүргізілді.  "Профессорлар аллеясы  нағыз патриоттықтың, туған қалаға деген сүйіспеншіліктің, Қазақстанның болашағына деген қамқорлықтың көрінісі", - деді профессор Марат Ибатов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу