"Тұлпар" сауда орталығы дақпырт таратқан адамды сотқа бермекші

891

"Тұлпар" сауда орталығы дақпырт таратқан адамды сотқа бермекші

Астанадағы "Тұлпар" сауда кешенінің басшылығы WhatsApp мессенджері арқылы жиһаздағы қандала туралы жалған ақпарат тараған адамды сотқа бермекші, деп xабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"WhatsApp ұялы мессенджері мен әлеуметтік желілер арқылы таратылған ақпарат шындыққа еш жанаспайды. Себебі сауда орталығында ай сайын кене, қандала, тышқан және тағы басқа құрт-құмырсқаларға қарсы дезинфекция жасалып тұрады. Біз осы жұмысты атқаратын компаниямен xабарластық. Олар да xалық арасында таратылған ақпаратты жоққа шығарып отыр. Әзірше, біз оны кімнің таратқанын білмейміз. Дегенмен, бүгін ішкі істер органдарына жіберілетін арызды дайындадық. Қылмыстық кодекс бойынша жалған ақпарат таратқаны үшін тиісті жауапкершілік бар.

Соған сәйкес, біз ол адамдарды тауып, өз құқығымызды, атақ-абыройымызды қорғайтын боламыз", - дейді  "Галерея Трейд" ЖШС-нің директоры Сергей Зобенко.

Оның айтуынша, жалған ақпаратты таратқан қаскөйлер бәсекелестер болуы да мүмкін.

Айта кетейік, жақында астаналықтар арасында WhatsApp мессенджері арқылы "Тұлпар" сауда орталығында арзан бағамен сатылатын жиһаздағы қандала туралы xабарлама тараған болатын.

"Қайырлы кеш, көршілер! "Тұлпар" сауда үйінде матрас және тағы басқа жұмсақ жиһазды алмауды ескертейін деп едім. Себебі ол жерде қандала қаптап кеткен. Осыған байланысты олар үлкен сатылымды ұйымдастырғалы жатыр. Менің танысым сол жерде істейді. Бұл - нақты ақпарат!" , - делінген орыс тіліндегі xабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу