"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" 1 миллионнан астам адамның 546 млрд теңгесін сақтап отыр

706

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" 1 миллионнан астам адамның 546 млрд теңгесін сақтап отыр

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ салымшыларының арасында журналистер алтыншы орында тұр. Бұл туралы банктің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты.

"2018 жылдың алғашқы 5 айында банк 12 912 несие берген. Бұл жалпы Қазақстандағы ипотеканың 80%-ы. Тек жұмыс күндерін есепке алсақ, күн сайын орта есеппен шамамен 130 қазақстандық қоныс тойын тойлайды екен. Олардың арасында журналистер де бар. Біздің банктің клиенті атанған журналистер тұрғын үй жинағы жүйесін өз тәжірибелерінен өткізіп, енді отандастарымызға үй алудың қолжетімді жолдары туралы ақпарат жеткізіп жатыр", - деді Ләззат Ибрагимова.

Соңғы 15 жылда "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ 147 302 отбасыға  баспана жағдайын жақсартуға көмектескен. Олардың 88%-ы қарызды үй сатып алу үшін рәсімдеген.  

Бүгінде 1 млн 118 мың 525 адам өзінің 546 млрд теңгесін "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде" сақтап отыр.  Бұл - елдегі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 12,8 %-ы. Бес жыл бұрын көрсеткіш 7,1 %-ға тең болған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу