"Түркістан" компрессорлық стансасы іске қосылды

926

Оның құрылысы "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбырының жылдық өткізу қабілетін 10 млрд м3 көлемнен жылына 15 млрд м3 дейін арттыру жөніндегі инвестициялық жобаның аясында іске асырылды. 

"Түркістан" компрессорлық стансасы іске қосылды

"Бейнеу – Бозой – Шымкент" магистральдік газ құбырында "Түркістан" компрессорлық стансасы іске қосылды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгін "ҚазТрансГаз" АҚ "Түркістан" ұлттық газ операторы компрессорлық стансасын іске қосты. Оның құрылысы "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбырының жылдық өткізу қабілетін 10 млрд м3 көлемнен жылына 15 млрд м3 дейін арттыру жөніндегі инвестициялық жобаның аясында іске асырылды. Станцияны іске қосу салтанатты рәсіміне Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен "ҚазТрансГаз" АҚ бас директорының бірінші орынбасары Қанат Құрманалиев қатысты.

 "Түркістан" компрессорлық станcасының құрылысы 7 айдың ішінде аяқталды. Бұл стансаның салынуы облысымыздың экономикалық дамуына елеулі үлес қосатын болады. Мәселен, құбырдың газ өткізу мүмкіндігі 5 млрд м3 көлемге артып отыр. Сондай-ақ, стансада қазіргі таңда 50 шақты азамат жұмыспен қамтылды. Осындай жоғары деңгейдегі, сапалы құрылысты іске қосқан "ҚазТрансГаз" компаниясы басшылығына алғыс білдіремін. Бұл облыс үшін елеулі оқиға", – деді Жансейіт Қансейітұлы. 

Биылғы жылдың қазан айында отандық газды Қытайға экспорттауды екі есеге арттыру туралы келісімшартқа қол қойылған болатын. Сондықтан "Бейнеу – Бозой – Шымкент" газ құбырының өткізу қабілетін жылына 10 млрд текше метрден жылына 15 млрд текше метрге дейін арттыру арқылы республиканың оңтүстігінің 5 млрд текше метр көлеміндегі көгілдір отынға деген қажеттілігі қамтамасыз етіледі және 10 миллиард текше метр газ экспортқа бағытталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу