"Түркістан-Ташкент" халықаралық автобус бағыты ашылды

1826

"Түркістан-Ташкент" халықаралық автобус бағыты ашылды

Облыс орталығы Түркістан қаласының Ташкент шаһарымен сауда-экономикалық, туристік қатынастарын нығайту мақсатында "Түркістан-Ташкент" халықаралық автобус бағыты ашылды, деп хабарлайды kz.otyrar.kz.

Халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған облыс әкімдігінің ұсынысы министрлікке жолданып, нәтижесінде кеше, 10 желтоқсанында Түркістан қаласындағы "Алтын Орда" автобекетінде аталған бағыттың ашылу рәсімі өтті.

Аталған бағытқа қазақстандық тасымалдаушы "Бақдәулет Сервис" ЖШС және өзбекстандық "Узавтотранс" ООО мекемесі қызмет көрсетеді.

Бағыттың жалпы  қашықтығы — 335 шақырым, жолға 6 сағат 40 минут. уақыт кетеді. Екі бағытта күнделікті 2 автобус қатынайды. Жол жүру тарифі — 2000 теңге немесе 50000 сум.

Өз кезегінде  "Түркістан-Ташкент" халықаралық автобус бағытының ашылуы екі елдің арасында туристер ағынының артуына, жаңа туристік бағыттар қалыптастыруға және ынтымақтастықтың нығаюына оң әсерін тигізетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу