"Uber" мен "НАСА" ұшатын такси құрастырмақ. Жаңа такси қызметін сынақтан өткізу 2020 жылы Лос-Анджелесте өтеді, үш жылдан кейін ол жұмысын бастайды деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ бұл әуе таксиін қазіргідей смартфон арқылы шақыруға болады, деп хабарлайды khabar.kz.
"Uber" өз ұшақтарын жасап шығармайды, керісінше "Эмбраер" мен "Муни" сияқты өндірушілердің ұшу аппараттарын қолданбақ. Құрастырушылардың сөзінше, жаңа қызмет түрі қоршаған ортаның ластануын едәуір төмендетпек.
"Біз келіссөздерді ертерек бастап жатырмыз. Өйткені жоспарымыз барлық серіктестерімізге қазірден бастап түсінікті болуы керек", - дейді "Uber" менеджері Джефф Холден.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу