Арнайы құрылған комиссия қажетті нысандармен қамтылған, талапқа сай абаттандырылып, жасыл-желекке оранған ажарлы ауылды анықтайды, деп хабарлайды khabar.kz.
Байқауда ауыл азаматтарының туған жерін дамытуға қосқан үлесі де ескеріледі. Бірінші орын алған елді мекенге 10 млн теңге жүлде берілмек.
Байқау екі кезең бойынша өтеді. Ауданнан үздік шыққан ауылдар облыс көлемінде тағы сараланады. Жүлде қоры – 30 млн теңге. Бұл қаржы ауылды абаттандыру ісіне жұмсалмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу