"Ұлттық аударма бюросы" қоры Google-мен келіссөз жасады

2095

  "Ұлттық аударма бюросы"  қоры Google-мен келіссөз жасады

Бірнеше жылдан соң Google Translate жүйесінде қазақ тіліне дауыстап аудару қызметі пайда болады, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Google мен "Ұлттық аударма бюросы" қоры арасындағы келіссөздер нәтижесінде Google Translate командасы Voice-to-Text жүйесіне қазақ тілін енгізуге көмектесетін болды. Жобаны іске асыру бойынша шаралар кешені анықталып, жұмыс басталып кетті.

"Меніңше біз осы міндетті мойнымызға алып, екі жыл ішінде атқарамыз деп ойлаймын, Google компаниясындағы әріптестерімізден сұраймыз. Мүмкіндігінше тездетуге тырысамыз", — деді "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы ОКҚ баспасөз мәслихаты кезінде.

Оның айтуынша, басты мәселе сөздік қорды дыбыстау. Яғни,  150 мың сөз бен сөз тіркесін дыбыстап, өңдеп, Google компаниясына жіберу керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу