"Ұлы дала" шығармашылық байқауы жарияланды

3293

"Ұлы дала" шығармашылық байқауы жарияланды

"Нұр Отан" партиясы ұйымдастырып отырған бұл байқауға қатысушылардың жұмысы 2018 жылдың 28 қарашасы мен 2019 жылдың 15 қаңтары аралығында қабылданады, деп хабарлайды ortcom.kz.

"Байқауға 18 бен 40 жас аралығындағы әдебиетшілер қатыса алады. Қатысушылардың жұмыстары 2018 жылдың 28 қарашасы мен 2019 жылдың 15 қаңтары аралығында қабылданады. Нәтижесінде проза, поэзия, драматургия, үздік әдеби аударма және үздік әдеби сын сияқты бес бірдей аталым бойынша мықтылар анықталмақ. Әр аталым бойынша жеңімпаз бен екінші және үшінші орын алған қатысушыға қомақты қаржылай сыйлық тағайындалған. Нақты айтқанда, әр аталымның жеңімпазына – 1,5 миллион, 2-орын иегеріне – 750 мың, ал 3-орын алған қатысушыға 500 мың теңгеден беріледі", – деді "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев.

Байқаудың басты мақсаты – рухани жаңғыру идеялары мен құндылықтарын дәріптейтін қазіргі заманғы қазақстандық әдебиетті дамыту және соған қолдау көрсету. Сондай-ақ өз шығармаларында еліміздің рухани жаңғыруы мен дамуын суреттейтін, қазіргі заманғы шындықты түсінуге және қазақстандықтардың дүниетанымын қалыптастыруға ықпал ететін талантты жас әдебиетшілерді анықтап, олардың еңбегіне лайықты баға беру де көзделіп отыр.

Байқаудың басқа да шарттары туралы партияның ресми сайты мен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ережеде толық баяндалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу