Алматыда мерекелік "Ұлы дала ойындары" фестивалі ұйымдастырылды, деп хабарлайды 24.kz.
Мұнда бәйге, көкпар, қыз қуу, теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ сынды ұлттық ат спорты түрлерінен тартысты дода өтті. Бұған қоса асық ату, қазақ күресі, бағанаға өрмелеу мен қошқар көтеру сынды ептілік пен мергендік, білек пен жүрек, күш пен жігер сынға түскен жарыстар жастардың қызығушылығын арттырды.
Бұл шараның жалпы жүлде құны 18 миллион теңгені құрады. Спорттың әр түрінен жеңімпаз атанғандарға қомақты қаржылай және бағалық сыйлықтар берілді. Сонымен қатар ұлттық қолөнер жәрмеңкесі де ұйымдастырылды.
"Ұлы дала ойындары" жеңімпаздарына бүгінгі фестивальда шамасы 18 млн дай қарастырылған. Сол бойынша барлық іс шаралар бойынша таратылатын болады", - дейді "Ұлы дала" ойындары фестивалінің ұйымдастырушысы Айдос Бағашев.