"Ұлытау нан" зауыты ашылды

3996

"Ұлытау нан" зауыты ашылды

Тәулігіне 35 тонна нан өнімдерін шығаратын, 235 адамға жұмыс орнын ұсынып отырған, заманға сай еуропалық технологиямен жарақтанған "Ұлытау нан" зауыты ашылды, деп хабарлайды Сарыарқа аймақтық газетінің бас редакторы Darhan Muhan

Зауыттың ашылу салтанатында компания құрылтайшысы Ерлан Нығматулин, "Қазақмыс холдингі" директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай, "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС басқару кеңесінің бас директоры Бақтияр Қырықпышев, италияндық Mondial Forni компаниясының қожайыны Алессандро Бенини, Словакиядағы атақты IT Engineering компаниясның қожайыны Петер Киска, Жезқазған қаласының құрметті азаматы Төлеген Бүкіров, Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов, еңбек ұжымдарының өкілдері сөз алып, жаңа зауыттың жұмысына сәттілік тіледі. 
Зауыт құрылысы былтыр басталып, бар-жоғы 8 жарым айдың ішінде іске қосылып отыр. Құрылысқа толықтай отандық компаниялар тартылса, оның 80 пайызы Жезқазған-Сәтбаев аймағының кәсіпкерлері екенін айта кету керек. 
Зауыт өнімі тек Жезқазғанға ғана емес, Сәтбаев, Қаражал, Жәйрем қалаларына, Ұлытау ауданының елді мекендеріне де сатылымға шығатын болады. Сондай-ақ, аймақтағы ірі өндіріс ошақтары мен басқа да мекеме, кәсіпорындардың тамақтандыру құрылымдарына келісім-шарт негізінде ұсынылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу