"Урал әуе желілері" тыйымға қарамастан Душанбеге рейс аттандырды

930

"Урал әуе желілері" тыйымға қарамастан Душанбеге рейс аттандырды

Тәжікстанның әуе басшылығының тыйымына қарамастан, "Урал әуе желілері" сенбі күні Краснодардан Душанбеге рейс жөнелтті, деп жазады РИА Новости.

Рейс екі сағатқа кешігіп аттанды. Ол бастапқыда сағат 03.15-ке жоспарланғанымен, сағат 05.21-де ұшты.

Жұма күні Тәжікстанның әуе басшылығы  "Сомон Эйрдің" Ресей қалаларына ұшуларын тоқтатып тастағанына жауап ретінде  "Урал әуе желілері" компаниясының Ресейдің төрт қаласынан, оның ішінде Краснодардан  рейстер жасауына тыйым салған болатын. Алайда "Урал әуе желілері" Тәжікстанның әуе басшылығынан ұшуларды тоқтату туралы хабарлама алмағанын мәлімдеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу