"Urban Art Astana" көше өнерінің халықаралық фестивалі өтеді

754

"Urban Art Astana" көше өнерінің халықаралық фестивалі өтеді

Urban Art Astana көше өнерінің бірінші халықаралық фестивалі аясында Халықтық дауыс беру жарияланды. Енді бас қаланың көркіне көрік қосатын жұмысты халық таңдайды. Бұл туралы Сарырақа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек facebook-тегі парақшасында хабарлады.

"Қалалық инфрақұрылымды дамыту мен қайта құруда қала әкімі Әсет Исекешев мүлдем жаңа көзқарасты жүзеге асырады. Оның бастамасымен 16 маусым мен 30 маусым аралығында елорданың 20 жылдық мерейтойына орай "Urban Art Astana" көше өнерінің халықаралық фестивалі өтеді", - деп жазады Арман Тұрлыбек.

Айта кетсек, алғаш рет өткелі тұрған мұндай фестивальге қатысу үшін 7 сәуір күні қазақстандық және шетелдік суретшілердің қатысуымен халықаралық эскиздік байқау басталған еді. Фестиваль бүкіл әлемнің шеберлері арасында қызығушылық тудырды. Оның серіктестері Apollonia еуропалық мәдениет ұйымы және Mural Social Club Қоғамдық кеңістіктегі Украина заманауи өнер фестивалі болды. Конкурстың аясында әлемнің әртүрлі елдерінен, нақтырақ айтқанда Қазақстан, Ресей, Украина, Қырғызстан, Индонезия, Польша, Испания, Израиль, Әзербайжан мемлекеттерінің 30-дан астам шеберінен 70-тен астам сурет салынды.

Бүкіл өтініш Астана қаласының кәсіби қазылар алқасы және қала құрылысы кеңесінен тұратын екі кезеңдік іріктеуден өтті. Алғашқы іріктеуге 72 жұмыс қатысса, халықаралық қазылар оның 26-сын өткізді.

"Енді біз осы ауданымыздың көшелерінен көргіміз келетін 26 суретшінің ең үздік жұмыстарын таңдауымыз керек! Бұл құқықты тұрғындарымызбен бөліскеніміз дұрыс деп есептеймін. Біз Urban Art Astana көше өнерінің бірінші халықаралық фестивалі аясында ХАЛЫҚТЫҚ ДАУЫС БЕРУ ісін жариялаймыз. Енді бас қаламыздың көркіне көрік қосатын жұмысты сіздер таңдайсыздар. Бүгіннен бастап халықтық дауыс беру бетінде қатысушылардың суреттеріне дауыс беру басталады. Іріктеуге "Халықтық дауыс" деген аталыммен тұрған, ал жоғары жағында қазылардың бағасы берілген фотолар қатысады", - деп жазады Арман Тұрлыбек.

Әкімнің хабарлауынша, тұрғындар өзіне ұнаған туындыға ұнату белгісін қою арқылы дауыс бере алады. Сондай-ақ осы арқылы бір емес бірнеше кенепке ұнату белгісін қоюыңызға мүмкіндік беріледі. Дауыс беру 3 маусымға (сол күнді қоса есептегенде) дейін жалғасады. Ал нәтижесі 10 маусымда белгілі болады.

Елорданың дизайнына өз үлесіңізді қосып, Астананы өз талғамыңызға сай безендіргіңіз келсе, мына бетке өтіңіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу