"Үркер-2017" ұлттық сыйлығына өтініш қабылдау басталды

1109

"Үркер-2017" ұлттық сыйлығына өтініш қабылдау басталды

Баспасөз, радио және интернет журналистика саласына арналған "Үркер-2017" ұлттық сыйлығына өтініштер қабылдау басталды.

Сыйлық құрылтайшысы – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі. Ұйымдастырушы – "Қазконтент" АҚ.

Сыйлықтың негізгі мақсаты – талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың журналистика саласын дамытуға қосқан үлесін саралау және көпшілік назарын журналистер мен шығармашылық ұжымдарына аудару.

Сыйлық мына аталымдар бойынша беріледі:

1) үздік фотосурет;

2) үздік репортаж;

3) үздік талдамалық материал;

4) үздік журналистік зерттеу;

5) үздік сұхбат;

6) Қазақстан туралы үздік танымдық материал;

7) үздік халықаралық талдамалық материал;

8) журналистикадағы дебют;

9) үздік радиобағдарлама;

10) үздік өңірлік радиостанция;

11) үздік өңірлік мерзімді басылым;

12) үздік мамандандырылған мерзімді басылым;

13) үздік жыл журналы;

14) Қазнеттегі медиасерпіліс;

15) үздік республикалық мерзімді басылым.

Байқауға журналистиканы кәсіп еткен, баспасөзде, интернет-сайтта немесе радиоарнада жарияланып, немесе, еңбек етіп жүрген кез-келген маман қатыса алады.

Үміткерлер ұсынған дүниелерді белгілі қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен кәсіби маман журналистерден құралған қазылар алқасы сарапқа салады.

Лауреаттар естелік мүсінше мен қомақты қаржылай сыйлыққа ие болады.

Байқауға қатысу туралы өтініштер электрондық түрде (қосымшадағы формаға сәйкес толтырылып, қол қойылған скан-нұсқасымен) өзін-өзі ұсыну форматында el.kz интернет-ресурсындағы арнайы бөлімде немесе urker@el.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу