"Узбеккино" Қазақстанмен бірлесе фильмдер түсіруге әзір

483

"Узбеккино" Қазақстанмен бірлесе фильмдер түсіруге әзір

"Узбеккино" ұлттық агенттігі бас директорының орынбасары Шухрат Ризаев Қазақстанның Өзбекстандағы елшісімен кездесуде қазақстандық кинематографистермен бірлесе отырып, көптеген жобаларды жүзеге асыру қажеттігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бізді Қазақстанмен ортақ тарих пен мәдениет байланыстырады, сондықтан да кинематография саласында ортақ жобаларды іске асыруға тиістіміз. Қазақстанда өзбек фильмдерін ұнатады, Өзбекстанда да қазақ киносына ынтық болғандар көп. Еліңізде әлемдік деңгейдегі, өте сапалы фильмдер шығарылып жатыр", - деді Шухрат Ризаев.

"Узбеккино" директорының орынбасары осы идеяны іске асыру үшін екі елдің сценаристерінің, кинорежиссерлерінің, операторларының қатысуымен шығармашылық топтар құру қажеттігін тілге тиек етті.

"Қазақстанда биыл жыл Өзбекстан жылы деп аталды. Осының негізінде Өзбекстанда Қазақстан киносы күндерін ұйымдастыруға болады", - дейді ол.

Кездесу қорытындылары бойынша тараптар деректі, көркем-публицистикалық және көркем фильмдер бағыттарындағы жобаларды іске асыру бойынша бірлескен жол картасын жасау жоспарын құрды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу