Астана қаласының тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы 2018 жылғы 11-18 маусым аралығында елордадағы жарнама компаниялары мен агенттіктері, креативті дизайнерлер арасында "Үздік әлеуметтік жарнама" байқауын ұйымдастырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Байқаудың мақсаты – Астанадағы жарнамалар мен көрнекі ақпаратты Қазақстан Республикасының "Тіл туралы" заңы талаптарына сәйкестендіру; қазақ тілінің көркемдігі мен байлығын насихаттау; мемлекеттік тілде сауатты дайындалған жарнама мәтіндерін баршаға үлгі етіп көрсету; дизайнерлердің шығармашылық қабілетін арттыру; жарнама дайындаушының мемлекеттік тілді терең меңгеруіне ықпал ету.
Байқауда Астананың 20 жылдығы, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы және мемлекеттік тіл тақырыптары насихатталады.