"Вердердің" жартылай қорғаушысы карьерасын "Астанада" жалғастырады

753

"Вердердің" жартылай қорғаушысы карьерасын "Астанада" жалғастырады

23 жастағы Венгрия құрамасы мен германиялық "Вердер" клубының жартылай қорғаушысы Ласло Кляйнхайслер карьерасын елордалық "Астана" клубы сапында жалғастырады, деп хабарлайды vesti.kz.
Басылымның мәліметі бойынша, 19 маусым күні Кляйнхайслер трансфердің алдында медициналық тексерістен өткен екен. Қазақстадық клуб жартылай қорғаушының бір жылға жалға алып, ол үшін германиялық клубқа 100 мың еуро төлейді екен. Ал келер жылы "Астана" бұл футболшының трансферін 500 мың еуроға сатып ала алады. 
Өткен маусымда Кляйнхайслер жалда ойнаған болатын. Маусымның бірінші бөлігін бірінші бундеслигада "Дармштадт" сапында өткізіп, 12 кездесуге қатысса, маусымның екінші бөлігін Венгрия біріншілігінде "Ференцварош" сапында 10 кездесуге қатысты. 
"Вердер" сапына Кляйнхайслер 2016 жылдың қаңтар айында ауысып келді. Бремендік клуб сапында ол бундеслигада 6 ғана кездесуге қатысқан. Оның клубпен 2019 жылға дейін келісімшарты бар. "Вердерге" ауысарға дейін жартылай қорғаушы "Видеотон" және Академия Пушкаш" клубтарының намысын қорғаған. 
Кляйнхайслер Венгрия құрамасы сапында 13 кездесуге қатысып, 1 гол соққан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу