"Volkswagen" автомобилінің қозғалтқышы талапқа сай болмай шықты

645

"Volkswagen" автомобилінің қозғалтқышы талапқа сай болмай шықты

Германия билігі дизельдік дау үшін "Volkswagen"-ге 1 млрд евро айыппұл салды, деп хабарлайды Atameken TV.

Компания кінәсін мойындап отыр. Жоғары инстанцияларға шағымданбайтынын мәлімдеді.

Зерттеу барысында өндіріс басшыларының көліктерді сынақтан өткізу кезінде алаяқтыққа жол бергені анықталды. 11 млн-ға жуық автомобильдің қозғалтқыштары талапқа сай болмай шыққан. Ол ауаға зиянды қалдық шығармайтын болуға тиіс еді. Алайда, компания сынақ жасағандармен өзара келісіп, жалған құжат дайындаған. Салдарынан "Volkswagen" капитализациясы 4 пайызға кеміді, қазіргі көлемі -  80 млрд евро.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу