"WINTA" Қытай компаниясы Қазақстанда инвестициялық қор құруды ұсынды

611

"WINTA" Қытай компаниясы Қазақстанда инвестициялық қор құруды ұсынды

 

Бүгін Астанада "KazakhInvest" АҚ басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев пен қытайлық "WintaInvestmentGroup" компаниясының вице-президенті Тянь Джиюаньның кездесуі барысында ҚР инвестициялық қор құру мүмкіндігі талқыланды, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

Аталмыш мәселе бұған дейін "KazakhInvest" компаниясының Бейжің қаласындағы өкілдігінде алдын-ала келіссөздер барысында қарастырылған болатын.

Бұдан бөлек, "WintaInvestmentGroup" компаниясы Қазақстанның аумағында өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыру бойынша бірқатар ұсыныстар дайындады. Олардың қатарында – әрлеу тастары өндірісі, кен орнын әзірлеуді және дайын өнімді шетелге экспорттау бар. Сонымен қатар индустриалды парктердің құрылысын салу және т.б. Әрбір жоба бойынша жеке әлеуетті серіктестер, мемлекеттік қолдау шаралары және ресурстық базалар ұсынылды.

"KazakhInvest" тарапынан Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақтарды басқаруға атсалысу мүмкіндігін қарастыру, сонымен бірге бірқатар перспективалы инвестициялық жобалар ұсынылды. Олардың бірі - Алматы маңында ірі тақырыптық саябақтың құрылысын салу жобасы.

Бұдан бөлек, әлеуетті инвесторға "KazakhInvest" компаниясының қатысуымен және Қазақстан Республикасының нарығында жұмыс істеуге арналған қосымша преференцияларды ала отырып, АХҚО алаңында компанияны тіркеу мүмкіндігі ұсынылды.

Жалпы, өзінің қызметі жылдарында "WintaInvestmentGroup" компаниясының жобаларға салған инвестицияларының жалпы көлемі 6,2 млрд. АҚШ долларын құрайды. "WINTAInvestmentGroupCo., Ltd компаниясына банктік қызметпен, қаржылық инвестицияларды басқарумен, өнеркәсіптік жобаларға инвестиция салумен, жылжымайтын мүліктің құрылысын салумен, құрылыс материалдарын өндірумен, саудамен және т.б. айналысатын Қытайдың түрлі 30 компаниясы кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу