"Жамбыл құс" 5 млрд теңгеге жаңғырту жүргізеді

973

"Жамбыл құс" 5 млрд теңгеге жаңғырту жүргізеді

"Жамбыл құс" ЖШС Жамбыл облысының Байзақ ауылындағы құс фабрикасын жаңғыртуды көздеп отыр, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

Жобаның мақсаты –  құс өсіретін өндірістік орынжайларды техникалық және технологиялық қайта жарақтау, қайта құру есебінен негізгі қорларды жаңарту және жаңырту арқылы жұмыртқа өндірісін құру. Жоба қазіргі шығарылып жатқан өнім көлемін молайту және өндірісті жаңғыртуды көздейді.  Алдағы уақытта құс етін терең өңдеу арқылы шығарылатын өнім түрін кеңейту ойда бар.

Кәсіпорын жаңғыртудан соң жылына  қазіргі  20 млн-ның орнына  65 млн жұмыртқа шығаратын болады. Екі жыл көлемінде жүзеге асырылатын жобаның құны  4 млрд 935 млн теңгені құрайды.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының ақпаратына сүйенсек, Жамбыл облысындағы құс жұмыртқасы мен еті нарығының 60%-ы фермерлік шаруашылықтар мен жеке кәсіпкерлердің еншісінде. Ал өндірістік ауыл шаруашылық кәсіпорындарына (құс фабрикалары) 20-50%-ы ғана тиесілі немесе олар мүлдем жұмыс істемейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу