"Жарнама туралы" заңнамаға жасалған түзетулер мақұлданды

828

"Жарнама туралы" заңнамаға жасалған түзетулер мақұлданды

Мәжіліс депутаттары сәрсенбіде пленарлық мәжіліс барысында жарнама мәселелері жөніндегі заңнамаға түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды naryk.kz.

Заң жобасы, бұл ретте, жарнама саласындағы заңнама бұзылған кездегі әкімшілік жауапкершілікті белгілеп отыр.

Сүлейменов "Жарнама туралы" заңда бүгіннің өзінде жарнама саласында бірқатар тыйымдар мен шектеулер бар екендігін атап көрсетті. Дегенмен, олар тәжірибе жүзінде қолданылып жүрген жоқ және ол бойынша әкімшілік жауапкершілік жоқ болғандықтан әрі өкілетті органдардың әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі тәжірибесінің жоқтығына орай, субъектілер тарапынан еленбеуде. Осыған байланысты жарнама саласындағы әкімшілік жауапкершілік түрлерін диспозициялау айқындалып отыр.

"Кейбір бірінші рет енгізіліп отырған әкімшілік жауапкершілік түрлерін атап айтқым келеді. Экономиканы долларсыздандыру бойынша жүргізіліп отырған саясатты ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында тауар сату кезінде оның бағасын ұлттық валютада көрсетпегені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді", – деді Сүлейменов.

Оның айтуынша, жосықсыз, күмәнді, бейәдеп және жасырын жарнама бергені үшін, сондай-ақ, ұлттық аза тұту күндері телерадиарналарда жарнама бергені үшін жауапкершілік белгіленіп отыр.

"Алкоголь мен темекіні жасырын жарнамалауға жол бермеу үшін, түрлі іс-шараларды өткізу түріндегі, оның ішінде алкогольдік өнімдерге, темекі және темекі бұйымдарына сұраныс пен қызығушылықты арттыруға бағытталған жүлделер, лоторея ойындарын жарнамалағаны үшін жауапкершілік енгізілді", – деді министр.

Ол кәсіпкерлердің қаржылық жүктемелерін ұлғайтуға жол бермеу мақсатында ӘҚК арқылы белгіленген жазалаулардың көлемі қайта қарастырылмағандығын атап өтті.

Сонымен қатар, заң жобасы арқылы телерадиоарналарда әлеуметтік жарнамаларды тарату тетігі белгіленді.

"Біз контентті және әлеуметтік жарнаманы тарату тәртібін нақты реттеу қажеттігі пісіп-жетілгендігін түсінеміз. Сондықтан міндетті 15 телерадиоарналарда қайтарымсыз негізде орналастырылатын әлеуметтік жарнамалардың күн сайынғы көлемін белгілеу ұсынылып отыр", – деді Сүлейменов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу