"Жастар есірткіге қарсы" акциясының шеңберінде өтетін веложарысқа жүзге жуық адам қатысты

935

Веложарысқа қатысқысы келетіндердің барлығына ешқандай шектеу қойылмады, ал көлігі жоқтарға Алматы ауданының әкімі прокатқа тегін велосипед беруді ұйымдастырды. 

"Жастар есірткіге қарсы" акциясының шеңберінде өтетін веложарысқа  жүзге жуық адам қатысты

"Жастар есірткіге қарсы" акциясының шеңберінде өтетін веложарысқа спортшылар, студенттер мен мектеп оқушылары жиналды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Оған жүзге жуық адам қатысты. Веложарысқа қатысқысы келетіндердің барлығына ешқандай шектеу қойылмады, ал көлігі жоқтарға Алматы ауданының әкімі прокатқа тегін велосипед беруді ұйымдастырды. Шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын сақтауды насихаттау.  

"Бүгін көптеген балалар мен тіпті ересектер өзінің велосипедімен келіпті. Мұндай шаралар аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен тұрақты түрде өтіп тұратын болады", - деді Алматы ауданы әкімінің орынбасары Тынысбек Арашапов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу