"Жастар қаласы" жобасының алғашқы нысаны өртеніп кетті

648

"Жастар қаласы" жобасының алғашқы нысаны өртеніп кетті

Бүгін таңғы уақытта Өскеменнің Комсомол аралының аумағындағы экологиялық үй өртеніп кетті, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Айта кетсек, бұл ағаштан тұрғызылған, екі қабатты ғимарат тұрғын үй емес. Ол 2015 жылы бастау алған "Жастар қаласы" жобасының алғашқы нысан.

Өрт сөндірушілер шамамен сағат 09:30-да өртті ауыздықтады. Өрттің аумағы 200 шаршы метрді құрап отыр.

Өртте зардап шеккендер жоқ екен. Қазір өрттің себебі анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу