"Жаужүрек полк" шеруінің бағдары белгіленді

1549

"Жаужүрек полк" шеруінің бағдары белгіленді

9 мамыр күні "Қазақ елі" монументі жанындағы алаңнан бастап Тәуелсіздік даңғылы бойымен "Отан қорғаушылар" алаңына дейін "Жаужүрек полк – Бессмертный полк" шеруі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

"Жаужүрек полк – Бессмертный полк" акциясының мақсаты – 1941-1945 жылдары соғысқа қатысқан азаматтардың ерлігін естен шығармау және өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, бейбіт күннің қадірін түсінуге тәрбиелеу.

2015 жылы 1500-ден астам ардагерлердің ұрпақтары алғаш рет "Жеңіс жолымен" жастар жобасы аясында ата-бабаларының портреттерін қолға алып, елорданың Жеңіс даңғылы бойымен жүріп өткен болатын. Бұл жобаның басты міндеті – әр отбасыда 1941-1945 жылдардағы соғысты бастан кешкен ата-бабаларын ұмытпай, есте сақтау.

2016 жылы "Жаужүрек полк – Бессмертный полк" акциясы алғаш рет өтті. Астана қаласында іс-шараға қатысушылар саны 7000-нан асты. 2017 жылы аталмыш акцияға 20 000 адам қатысты.

Биыл да соғыс ардагерлерінің ұрпақтары батыр ата-бабаларының портреттерін "Қазақ елі" Монументі жанындағы алаңнан бастап Тәуелсіздік даңғылы бойымен "Отан қорғаушылар" алаңына дейін алып жүріп, өмірден озған соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетеді.

"Жаужүрек полк – Бессмертный полк" акциясының қатысушыларын жинау 2018 жылы 9 мамыр күні сағат 12.30-да "Қазақ елі" монументі жанындағы алаңнан басталып, "Отан қорғаушылар" алаңында аяқталады.

Іс-шараны Астана қаласының қоғамдық даму істері басқармасы мен "Аксиома-Монтаж" ҚБ ұйымдастырып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу