"Жеңіс күні!" атты флешмоб өтті

1665

"Жеңіс күні!" атты флешмоб өтті

Бүгін ұлы мереке Жеңіс күні! Осыған орай Семей қаласындағы "Апрель" сауда орталығында "Жеңіс күні!" атты флешмоб өтті, деп хабарлайды egemen.kz.
"Апрель" сауда үйінде ұйымдастырылған тұңғыш флешмобқа сауда-саттық жасаймыз деп аралап жүрген қала тұрғындарының барлығы қатысып, мәз-мейрам болып қалысты.

"Флешмобта соғыс кезіндегі танымал әндер шырқалды,-деді Семей қаласындағы Казакстар этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Ядвига Родионова,-Бұл флешмоб дүниежүзі бойынша қолға алынған шаруа болғандықтан "Жеңіс күні!" деп аталады".

Флешмобта Ұлы Отан соғысы жайлы, Жеңіс күні жайлы халық ауызында жылдар бойы айтылып келе жатқан әндер жинақталды.

Бұл акцияның ұйымдастырушылары Семейдегі Казактар этномәдени орталығы, "Иртышская Вольница" хоры мен "Лад" қоғамдық бірлестігі болды.

Қала тұрғындары мен қонақтары соғыс кезіндегі тамаша күш-қайрат, ерекше рух беретін әндерді бірге шырқап, қуанып қалды. Барлығыңызды Жеңіс күнімен құттықтаймын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу