"Жетібай-Жаңаөзен" жол учаскесі үнемделген қаражат есебінен жөнделмек

862

"Жетібай-Жаңаөзен" жол учаскесі үнемделген қаражат есебінен жөнделмек

Қазақстан Республикасы мен Азия даму банкі арасындағы келісім хатты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды, деп хабарлайды bnews.kz.

Парламент сенаты экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы № 2967-KАZ қарыз туралы" келісімді түзетуге қатысты заң жобасын қарады. 

Құжаттың негізгі мақсаты Маңғыстау облысындағы ұзындығы 73 шақырым "Жетібай-Жаңаөзен" жол учаскесін жөндеуді қаржыландыру.

Жоба Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы қарыз туралы келісім аясында "Шетпе-Ақтау" жобасы бойынша үнемделген қаражат есебінен жүзеге асырылатын болады.

Құжат палата қарауына жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу