Жекешелендірудің екінші толқыны аясында "Жетісу" авиакомпаниясы акцияларының 50% сатуға қойылды, деп хабарлайды LS.
Сатылым электрондық тендер арқылы жүзеге асырылады. Лоттың бастапқы бағасы 833,2 млн теңге. Қатысушылар үшін кепілдік жарнасы 72,1 млн теңге көлемінде белгіленді.
Сауда күні 2018 жылдың 12 қазанына белгіленген. Лоттың иесі - Алматы облысының әкімдігі.
Maxars мәліметінше, лоттың 2018 жылғы 9 сәуірдегі бағалау бағасы 833,2 млн болған.
Тендердің шарты бойынша, компанияның бейінді жұмыс әрекетін үш жыл сақтау керек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу