"Жетісу" мен "Қызылжар" премьер-лигаға жолдама алды

981

"Жетісу" мен  "Қызылжар" премьер-лигаға жолдама алды

Футболдан бірінші лигадан ел премьер-лигасына жолдама алған екі команда белгілі болды. Оның бірі – "Жетісу" (Талдықорған) болса, екіншісі – "Қызылжар" (Петропавл) футбол клубы.

Кеше Талдықорғанның "Жетісу" командасы өз алаңында Шымкенттің "Қыран" командасын 3:0 есебімен ұтып, 20 ойыннан 52 ұпаймен турнирлік кестеде жеке дара көш бастап келеді. Ал Петропавлдың "Қызыл-Жары" өз жанкүйерлері алдында "Мақтаарал" футболшыларымен тең түсіп (0:0), 42 ұпаймен екінші орынға жайғасты. Нәтижесінде қос клуб бірінші лиганың аяқталуына 5 тур жетпей 2018 жылғы маусымда премьер-лигада ойнау мүмкіндігіне ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу