"Жолаушылар тасымалы" "Тұлпар-Тальгодан" 114 вагон алуды жоспарлап отыр

1211

"Жолаушылар тасымалы" "Тұлпар-Тальгодан"  114 вагон алуды жоспарлап отыр

"Жолаушылар тасымалы" АҚ ("Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының еншілесі) 2017-2018 жылдары "Тұлпар-Тальгоның" 114 жолаушы вагонын алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы компания хабарлады деп жазады "Интерфакс-Қазақстан".

Компания 2017 жылы – 62 вагон, ал 2018 жылы 82 вагон алуға ниетті.

"Компания 2014-2016 жылдар аралығында "Тұлпар-Тальго" өндірісінің 340 вагонын сатып алған, оның 116-сы 2016 жылы алынды", – деп нақтылады баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, елімізде жолаушылардың жүріп-тұруын дамыту аясында "Тұлпар-Тальго" ЖШС вагондарынан құралған 12 жүрдек пойызының қозғалысы сәтті  іске асырылған,

"Жүрдек пойыздың басты артықшылығы - жолаушы аз уақытта деттеген орнына жетеді, жолда жүру уақыты 1,5 есеге қысқарды", – деп баса айтты баспасөз қызметінде.

Жалпы  жылжымалы құраманы жаңарту аясында 2022 жылға дейін  Алматы-Павлодар, Астана-Лениногорск, Ақтөбе-Манғышлақ, Ақтөбе-Атырау, Алматы-Қостанай, Астана-Сарыағаш және Алматы-Маңғышлақ бағыттары бойынша "Тұлпар-Тальго" вагондарынан құралған қосымша  7 пойызды шығару жоспарланды.

"Ұлттық тасымалдаушы қызметінің сапасын арттыру мақсатында жалпақ шанақты жаңа үлгідегі "Тұлпар-Тальго" ЖШС өндірісінен шыққан вагондардан құралған пойыздардың іске қосылуы ұйымдастырылды. "Тұлпар-Тальгоның" 29 вагонынан құралған №3/4 "Алматы-Астана" бағытындағы пойыз 2016 жылдың 11 желтоқсанынан бастап, N11/12 "Алматы-Шымкент" бағытындағы пойыз 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылды", – деп түсіндірді компания өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу