"Жұлдызай" өнерлі өрендерді іріктеді

865

"Жұлдызай" өнерлі өрендерді іріктеді

Осымен 12-ші рет өткізіліп отырған өнер додасына дамуында кемістігі бар  300 бала қатысты.

Сара Шалабаева Семейдегі көзі нашар көретін балалар мектеп-интернатында білім алуда. 16 жастағы дарынды қыз домбыра, жетігенді бір кісідей меңгерген. Биден де құралақан емес. 

"Сайыс қатты ұнайды. Осы сайыс бізге көптеген мүмкіншіліктер алып келеді. Яғни әртүрлі жағымыздан, әртүрлі қырымыздан танылып келеміз. Бір жолы біз домбыра ойнап, би биледік. Сөйтіп, осы жылы би билеп, ән айтып, соның арқасында көптеген жетістіктерді көріп жатырмыз. Мүмкіндігі шектеулі балаларды шығармашылық әлеуметтендіруге бағытталған шараның ауқымы кеңейіп келеді. Жауапкершілік те жоғары. Сондықтан өңір аудандарында іріктеу сынын өткізіп, үздіктері облыстық байқауда өнер көрсетті. Ым-ишарамен ән айту, арбамен билеу, бастысы жүрекпен тіл қату көрермендерді бейжай қалдырмады", - деді фестивальға қатысушы Сара Шалабаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу