Жаңа ғарыштық бағдарлама бойынша ғарыш айлағы қысқа мерзімде, яғни, 2020 жылға дейін салынып бітуге тиіс, деп хабарлайды reactor.inform.kz.
"Біз үш жылда заманауи ғарыш айлағын салуға мүмкіндік беретін заңнамалық бастамалар пакетін дайындадық. Бұл кешенде коммерциялық және ғылыми-зерттеу спутниктері ұшырылады", – дейді Британия ғарыш агенттігі өкілдері. Мұнда спутниктер мен ракеталардан бөлек ғарыш кемелері де ұшырылмақ.
Қазір Біріккен Корольдік өзінің ғарыш саласына кең көлемді міндеттерді атқаратын мини-спутниктер енгізуге мүдделі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу