"Тұлпар-Тальго" пойыздарының билеті екі есе арзандайды

882

"Тұлпар-Тальго" пойыздарының билеті екі есе арзандайды

“Тұлпар-Тальгоның” сегіз бағыттағы жүрдек пойызының билеті 50 пайызға арзандайды, деп хабарлайды “Жолаушылар тасымалы” АҚ баспасөз қызметі. 

Көктемгі жеңілдіктер 11- сәуір мен 31 - мамыр аралығында жасалады. Дегенмен 27 - сәуір мен 1 - мамыр және 4-9- мамыр күндеріне алынатын билеттер үшін жеңілдік қарастырылмаған.

Жолаушылар сегіз бағыт бойынша жүретін пойыздардың билетін 10-нан 25 пайызға дейінгі жеңілдікпен сатып алады: “Алматы – Атырау” №035/036, “Алматы — Өскемен” №045/046, “Алматы – Орал” №049/050, “Астана – Қызылорда” №089/090, “Астана — Орал” №095/096, “Ақтөбе – Астана” №097/098, “Алматы – Астана” №701/702 және “Шымкент – Астана” №709/710.

Бұдан бөлек, 45 тәулікке дейін билетті алдын ала сатып алған адамға 35 пайыз жеңілдік бар.

Осылайша, жаңа көктемгі жеңілдіктерді ескере отырып, жолаушылар 11 сәуірден бастап 50 пайыз арзан бағаға билет сатып ала алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу