Еуразиялық экономикалық одақ пен Вьетнам арасындағы тауар айналымы еркін сауда туралы келісім күшіне енгеннен бастап 28%-ға өсті, деп хабарлайды 24.kz.
Жеті айдың ішінде экспорт – 22%, ал импорт – 41%-ға ұлғайды. Бұл – ынтымақтастықтың алғашқы қадамдары. Аталған деректер ЕЭО мен Вьетнам арасындағы келісім шеңберіндегі бірлескен комитетінің бірінші отырысында мәлім болды. Тараптар ветеринарлық қызметтердің консультациясы туралы келісімге келді. Оның арқасында вьетнамдық компаниялар балық пен басқа да теңіз өнімдерін еуразиялық нарыққа жеткізуге рұқсат алуды көздеп отыр. Есесіне ЕО-ның ет және құс етінің өндірушілері Вьетнам нарығына шыға алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу