Еуроаймақ елдерінің қаржы министрлері Грекияға 8,5 млрд еуро несие бөлуге келісті. Тиісті шешім Люксембургте өткен басқосу кезінде қабылданған, деп хабарлайды 24.kz.
Қаржының көп бөлігі шілденің басында аударылуы тиіс. Шамамен 7 млрд еуро Эллада елінің сыртқы қарызына қызмет көрсетуге жаратылмақ. Ал 800 млн еуро мемлекеттің берешегін өтеуге жұмсалады.
Айта кеткен жөн, Грекияға қаржылай көмек көрсетудің үшінші бағдарламасы 2015 жылы іске қосылған болатын. Жалпы көлемі 86 млрд еуроға тең. Осы күнге дейін мемлекет бұл соманың 3/1 бөлігін алып қойған. Есесіне жергілікті билік зейнетақыны қысқартып, салықты көтеруге және еңбек заңнамасын өзгертуге келіскен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу